Түркістандық диқан 1 гектардан 2-3 есе мол өнім алудың құпиясын айтты

0
1 272

Бұл әдіс Өзбекстан Республикасының "бақшалы-қала" атымен танылған Ферғана шаһарында ғана бар.


Түркістандық диқан 1 гектардан 2-3 есе мол өнім алудың құпиясын айтты

Сайрамдық диқан 1 гектар жерден 80-90 тонна жүзім алудың құпиясымен бөлісті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сайрам Ауданы Қарабұлақ ауылындағы «Ақсуабад-Көлкент» тас жолы бойында орналасқан "Әл-Машриқ" шаруа қожалығы жүзім көшеттерін 2004 жылы отырғызған. Аудан әкімі Ұласбек Сәдібековпен жүзім бауының басында сұқбаттасқан диқан А.Рахматуллаев әу баста 2,6 гектар жерден 10 тонна жеміс алатын айтқан. Артынша мол өнім алудың қыр-сырымен де бөлісті.

«Салған жемістің көбі толық өсіп-өнбейтін. Көп іздендік. Байлап өсіруден осындай аспалы бауға көштік. Жерге тимеген соң жеміс салуы бірден үш есеге өсті. Соның нәтижесінде өткен жылы осы жерден 60 тонна жүзім алдық», - дейді шаруа қожалығының иесі.

Оның айтуынша, аспалы бауда өскен өткен жылғы жүзімнің ең соңғысын қоймаға сақтап, желтоқсанның 25-іне дейін сатқан.

Сайрам аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Н.Көпеевтің айтуынша, бұл әдіс Өзбекстан Республикасының "бақшалы-қала" атымен танылған Ферғана шаһарында ғана бар. Егер жемісті дұрыс баптауды толық меңгерсе, бір гектар жерден 80-90 тоннаға дейін өнім алуға болады. Сондай-ақ, бұл шаруалар егін шаруашылығын дамыту үшін субсидия да алмаған екен.