Түркістандық дойбышылар Әлем кубогында жүлде еншіледі

0
606

Қоржынға төрт медаль түсті.


Түркістандық дойбышылар Әлем кубогында жүлде еншіледі

Ташкент қаласында 64 шаршылы дойбыдан «Ташкент - 2023» Әлем Кубогы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Өзбекстанның Ташкент қаласында 64 шаршылы дойбыдан «Ташкент - 2023» Әлем Кубогы жоғары деңгейде өтті. Еліміздің намысын қорғап, олжалы оралған Түркістан облысының спортшылары 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.


Талантты жерлестеріміз Арман Абдулла мен Айбек Наралиев дойбы спортының классика түрінен күміс жүлдегер атанды. Сондай-ақ рапид сайысынан түркістандық спортшы Арман Абдулла мен Нұрасыл Құдайберген қола жүлдегер болды.


Бұл Әлем Кубогында дүниежүзінің танымал дойбышылары өзара бақтарын сынап, спорттағы достастықтарын нығайтып қайтты.