Түркістандық еріктілер тазалық қызметкерлеріне құрмет көрсетіп жүр

0
703

Сонымен бірге жастар қарт кісілердің үйлерінің ауласын қардан тазартуға көмектесіп жатыр.


Түркістандық еріктілер тазалық қызметкерлеріне құрмет көрсетіп жүр

Түркістандық еріктілер қар тазалап жүрген жұмысшыларға құрмет көрсетуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ауа-райының күрт суытуы, қалың қар және көктайғақ мұздың салдарынан қала тұрғындарының қозғалысы қиындауда. Осы орайда, күннің ыстығы мен суығына, дауылы мен желіне қарамастан жұмыстарын жалғастырып, қалаланың тазалығына атсалысып жүрген азаматтардың еңбегін ерекше атап өткен жөн.


Еңбек адамдарының жұмысын бағалаған еріктілер мен кәсіпкерлер, «Жастар орталықтарының» жастары игі шара ұйымдастырып, бір-біріне челлендж жолдауда. Түркістан, Арыс, Кентау қалаларының еріктілері коммуналдық қызметкерлерге ыстық шәй мен тоқаштар ұсынып, құрмет көрсетті. Мұндай игі бастама өзге аудандарда да ұйымдастырылған. Сонымен бірге жастар қарт кісілердің үйлерінің ауласын қардан тазартуға көмектесіп жатыр.