Түркістандық еріктілер жасанды тыныс алу аппараттарын табыстады

0
1 059

Арнайы пошта арқылы жіберген.


Түркістандық еріктілер жасанды тыныс алу аппараттарын табыстады

Бәйдібектік еріктілер орталық ауруханаға 13 оттегі концентраторын тарту етті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ..

Еліміздегі коронавирус індетімен халқымыз жұмыла күресіп, әр өңірдің қайырымды жандары қолдан келген көмектерін аямауда. Бүгін Бәйдібек ауданындағы Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебінің 1999 жылы бітірген түлектерінің ұйымдастыруымен «Шұғыла» қоры арқылы орталық ауруханаға 13 оттегі концентраторын тарту етті. Арнайы поштамен келген 13 жасанды тыныс алу аппаратын аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев қабылдап алып, орталық аурухананың бас дәрігерінің уақытша міндетін атқарушы Батыр Айтуаровқа табыс етті.

Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі: "Туған жері мен елі үшін сауапты іс жасаған аудан түлектеріне аудан басшылығы мен дәрігерлер қауымы алғыс білдірді", - деп хабарлама жасады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта індетпен күресте Түркістан облысының ерікті әрі демеуші азаматтары өздерінің сүбелі үлесін қосып келеді. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғаса бермек. Одан бөлек, аталған дертке шалдығуды азайту, карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында арнайы мониторингтік топтар құрылып, үздіксіз жұмыс істеп жатыр.