​Түркістандық ескек есушілер Қазақстанның командалық чемпионатында жүлделер бойынша рекорд орнатты

0
694

Түркістан облысы құрамасындағы су спорты түрлерінен ОРМБЖСМ спортшылары сарапқа салынған 16 алтын медалдің 8-ін жеңіп алды.


​Түркістандық ескек есушілер Қазақстанның  командалық чемпионатында жүлделер бойынша рекорд орнатты

Теміртау қаласында академиялық есуден Қазақстанның командалық чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің 5 аймағының ең үздік 146 спортшысы қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы құрамасындағы су спорты түрлерінен ОРМБЖСМ спортшылары сарапқа салынған 16 алтын медалдің 8-ін жеңіп алды. Сонымен қатар 5 күміс және 5 қола жүлде еншіледі. Атап айтсақ, Яковлев Владислав, Чернухин Иван, Цатышаев Байсангур, Афанасьев Александр, Керімбек Әділет, Бекбембетов Қуаныш
Фаритов Руслан, Галкин Владислав сынды жігіттер түрлі сайыс бойынша чемпион болса, әйелдер арасында Волкодавова Валентина мен
Носкова Екатерина топ жарды.
Жалпыкомандалық есепте Түркістан өңірінің өрендері 8 алтын, 5 күміс, 5 қола олжалады.
Жеңімпаздарды білікті бапкерлер —
Михаил Ковалев,
Руслан Фаритов,
Артем Бекмачев және
Станислав Дьяченко даярлады.