Түркістандық ескекшілер ел чемпионатында топ жарды

0
929

10 алтын, 11 күміс және 18 қола медаль жеңіп алды.


Түркістандық ескекшілер ел чемпионатында топ жарды

Алматы қаласында ескек есушілер арасында Қазақстан чемпионаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Алматы қаласында 23 жасқа дейінгі ескек есушілер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Байдарка мен каноэде есуден сынға түскен спортшылар өте тартысты сайыстар өткізді.


Еліміздің барлық өңірінен іріктеліп келген су спорты шеберлері арасында Түркістан облысының су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері түрлі бағдарламалар бойынша өздерінің мықтылықтарын көрсетіп, 10 алтын, 11 күміс және 18 қола медаль жеңіп алды.


Дильфузахон Ергашханова жарыс барысында қарсыластарын қапы қалдырып, Қазақстанның 6 дүркін жеңімпазы атанды. Ол жекелей каноэде есуден С-1 сайысы бойынша 1000, 500, 200, 5000 метр қашықтықта алтыннан алқа тақса, жұптық сында (С-2; 500 микс және С-2; 1000 метр) қашықтықта да ешкімге дес бермеді.

Карина Нұрғалиева мен Сұлтан Шарапиев жекелей байдарка есуде алтын жүлдеге қол жеткізсе, жұптық сында Альбина Халикованың да мерейі үстем болып, ел чемпионы атанды.