Түркістандық ескекшілер ел кубогының иеленді

0
485

5 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль олжалады.


Түркістандық ескекшілер ел кубогының иеленді

Түркістан облысының ескекшілері ел кубогының иегері атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Теміртау қаласында академиялық ескек есуден Қазақстан кубогын сарапқа салған жарыс аяқталды.


Сайысқа еліміздің 5 облысынан іріктелген ескекшілер қатысып, ел кубогына таласты. Аса тартысты өткен бәсекеде түркістандықтар жоғары нәтиже көрсетті. Жалпы 5 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль олжалап, ел кубогының иегері атанды.


Финалдық жарыстардың қорытындысында жұптың сында Байсангур Цатышаев пен Иван Чернухин жеңістің шыңын бағындырса, жекелей сайыста Адилет Керимбектің бағы жанып, алтыннан алқа тақты. Ал қыздар арасындағы бәсекеде жерлесіміз Екатерина Носковаға тең келер қарсылас болмады. Сонымен қатар Владислав Яковлев те бұл бәсекеде топ жарды. Қыздар арасындағы жұптық сында Айлин Айдарова мен Нурия Тилияева барлық қарсыласын басып озып, алтын жүлдені қанжығалады. Валентина Волкодавова күміс жүлдеге ие болса, Анжела Полянина қола жүлдегер атанды.


Жеңімпаздар мен жүлдегерлер – Түркістан облысының су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері. Ел кубогында топ жарған спортшыларды Михаил Ковалев, Русла Фаритов және Александр Штепенко баптады.