Түркістандық ескекшілер Париж Олимпиадасына жолдама алды

0
247

Қазір Қазақстан құрамасының лицензия саны 43-ке жетті.


Түркістандық ескекшілер Париж Олимпиадасына жолдама алды

Түркістан облысының спортшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан қоржынына академиялық ескек есуден Париж Олимпиадасының алғашқы жолдамасы түсті.


Оңтүстік Кореяның Чунджу қаласында өтіп жатқан Азия құрлығының лицензиялық жарысында Владислав Яковлев жекелей сында топ жарды.


Ұлттық құрама спортшысы 2 000 метрге жарыста үздік атанды. Владислав — Түркістан облысының су спорты түрлері мектебінің спортшысы.


Қазір Қазақстан құрамасының лицензия саны 43-ке жетті.


Корея төрінде пара академиялық ескек есуден де іріктеу өтті. Бұл сында Pr1m1X сайысында түркістандық Темірхан Дайырбек Париж паралимпиадалық ойындарына жолдама жеңіп алды.


Бүгінде Париж Олимпиадасына Түркістан олысында 4 жолдама бар. Сонымен бірге Париж паралимпиадалық ойындарына 2 жолдама алынды. Жолдамалардың төртеуі ескекшілерге тиесілі.