Түркістандық әйел 5-ші қабаттан секірмек болды (видео)

0
813

Ол өзіне қол жұмсағысы келгенін полицияға хабарлаған.


Түркістандық әйел 5-ші қабаттан секірмек болды (видео)

Түркістандық полицейлер 5-қабаттан секірмекші болған әйелді құтқарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қалалық ПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын, белгісіз әйелден өзін жайсыз сезініп, өлгісі келетінін айтқан хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына шұғыл жедел-тергеу тобы жеткенде көпқабатты тұрғынүйдің 5-ші қабатынан белгісіз әйелдің өз-өзіне қол жұмсамақ болып, балконнан секіруге оқталып тұрған.

Адам өмірін сақтап қалу мақсатында әрекет еткен полицейлер тобы жоспарлы түрде әрекет етіп, құлыптаулы болған пәтердің есігін бұзып кіріп, өлгісі келген әйелді балконда салбырап тұрған жерінен құтқарып қалды. Инспекторлар әйелді қауіпсіз жерге шығарып, медициналық көмек көрсетті.

Аталған жайт Түркістан ҚПБ-на ҚР ҚК-нің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін оқталу» бойынша тіркеліп, СДТТБТ-не енгізілді.

Тексеру барысында, әйел өмірге қапалы екенін, денсаулығы болмай жүргенін, азын-аулақ тұрмыстық мәселелерді көтере алмай, өзінің не істегенін байқамай қалғанын айтқан. Полицейлер әйелдің өмірін сақтап қалумен қатар, дәрігерлер мен психологты шақыртып, қажетті шараларды жүзеге асырды.