Түркістандық гір көтерушілер 22 жүлде жеңіп алды

0
448

Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.


Түркістандық гір көтерушілер 22 жүлде жеңіп алды

Түркістан облысының спортшылары гір көтеру сайысынан22 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ақтөбе қаласында гір көтеру спортынан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен ересектер, жастар, жасөспірімдер және кіші жасөспірімдер арасында 300-ге жуық спортшы қатысып, өз бақтарын сынады. Ел чемпионатында Түркістан облысының спортшылары жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.


Атап өтсек, түркістандық спортшылар жеткіншектер арасында 3 алтын, 5 күміс еншіледі.Жасөспірімдер арасында 5 алтын, 3 күміс және 1 қола жүлде жеңіп алса, жастар додасында 4 алтынға иелік етті. Ал, ересектер бәсекесінде қоржынға 1 алтын медаль түсті.