Түркістандық қаламгерлер Жазушылар одағының XVI құрылтайына қатысты

0
511

Құрамда 20-ға жуық ақын-жазушы бар.


Түркістандық қаламгерлер Жазушылар одағының XVI құрылтайына қатысты

Бүгін Алматыда Қазақстан Жазушылар одағының XVI кезекті құрылтайы басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Алматыда Қазақстан Жазушылар одағының XVI кезекті құрылтайы басталды. Құрылтайда қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері талданып, Одақтың жаңа төрағасы сайланбақ. Осындай айтулы шараға Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Айдар Сейдазім мен Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірхан бастаған 20-ға жуық ақын-жазушы қатысып жатыр. Шараны ҚР Қоғамдық даму және ақпарат министрі Дархан Қыдырәлі ашып беріп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді. Сонымен қатар өмірден қайтқан ақын-жазушыларды еске алды.


Айта кетейік, одақ басшысы әр 5 жыл сайын сайланады. 2018 жылы Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма Төрағасы болып белгілі ақын Ұлықбек Есдәулет сайланған болатын. Ол төрағалық еткен тұста көптеген жас қаламгер Одақ мүшелігіне өтті, Халықаралық әдеби форумдар да ұйымдастырылды.