Түркістандық кәсіпкер ауруханаға жасанды тыныс алу аппараттарын сыйлады

0
779

Еріктілер орталық ауруханаға оттегі коцентраторының 42 данасын табыстаған.


Түркістандық кәсіпкер ауруханаға жасанды тыныс алу аппараттарын сыйлады

Түлкібастық кәсіпкер орталық ауруханаға жасанды тыныс алу аппараттарын сыйға тартты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Түлкібас ауданынан шыққан кәсіпкер Бейбіт Тулешев "Nur Otan" партиясы іске асырып жатқан «Өмір» және «Шипа» жобалары аясында орталық ауруханаға екі жасанды тыныс алу аппаратын тарту етті. Сондай-ақ, өзінің жеке алма бауының бір күнде терілген өнімін аурухана қызметкерлері мен ем қабылдап жатқан науқастарға таратып берді.

Аурухана мен науқастарға демеу көрсеткен жомарт жан қауіпті індеттің екінші толқынына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы естіп, өз үлесін қоспақ ниетте осындай қадамға барғанын айтып өтті. Сонымен қатар, қиын қыстау кезеңде жаман індетпен күресте бар күш-жігерлерін жұмсаған аурухана дәрігерлеріне шексіз алғысын жеткізді.

Айта кетерлігі, Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен пандемияның қиын шағында түлкібастық еріктілер орталық ауруханаға оттегі коцентраторының 42 данасын, 360 дана арнайы медициналық қорғаныш киімін, 210 дана оттегі балонын, 5 дана кір жуу машинасы мен 22 пулсоксиметр және кварц лампаларын табыстаған.