Түркістандық кәсіпкер ауыл мектебіне 50 компьютер сыйлады

0
875

Оған қоса 2 bilim book тақтасы бар.


Түркістандық кәсіпкер ауыл мектебіне 50 компьютер сыйлады

Түркістандық кәсіпкер ауыл мектебіне 2 bilim book тақтасы мен 50 компьютер сыйға тартты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Кеңес ауылындағы Ө.Жолдасбеков атындағы жалпы орта мектебіне кәсіпкер азамат жалпы құны 12 млн теңге тұратын заманауи оқу-құрал жабдықтарын сыйға тартты.

1-11 сынып бойынша барлық пәндер бағдарламасын қамтыған, интернет байланысын қажет етпейтін заманауи құрылғы оқушыларға үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) білім алуға мүмкіндік береді. Қазір екі "BILIMBook" тақтасы, елу компьютер, бес принтерден тұратын жабдықтар мектептің 4 оқу кабинетіне орналастырылып, алдағы уақытта оқушылардың игілігіне пайдаланылмақ. Түркістан облысындағы мектептердің ішінде алғашқы болып орналастырылып отырған "BILIMBook" тақтасының мүмкіндігі ерекше. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалатын оқушыларға да бұл заманауи тақтаның көмегі тиері сөзсіз. Мектеп ұстаздарының айтуынша мұндай жабдықтар тіпті Республикадағы мектептерде де табыла бермейтін көрінеді. Атап өтейік, кәсіпкер Мэлс Ешмұратовтың игі істері мұнымен шектелмейді. Ол жуырда ғана ауыл жастарына арнап құны 15 млн тұратын спорт кешенін салып берген.