Түркістандық кәсіпкер жыл сайын оқушыларға шәкіртақы беріп келеді

0
664

Оған әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары және тұл жетім балалар мен оқу озаты атанған оқушылар ие болады.


Түркістандық кәсіпкер жыл сайын оқушыларға шәкіртақы беріп келеді

Бәйдібек ауданында 12 оқушыға планшет тапсырылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысында «Nur Otan» партиясының қайырымдылық іс-шаралары жалғасып жатыр. "Nur Otan" партиясының Бәйдібек аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы аясында аудандағы аз қамтамасыз етілген және әлеуметтік жағдайы төмен 12 отбасының балаларына планшет тапсырылды. Аталған игі іс-шараға «Бәйдібек несие» ЖШС-нің басқарма төрағасы, ауданның құрметті азаматы Жазылбек Әбілдабекұлы демеушілік жасаған.

2020 жылы пандемияға байланысты елімізде оқушылар қашықтықтан оқуға мәжбүр болып отыр. Сондықтан демеуші азамат оқушыларға қашықтан білім алуға аса қажет планшет сыйлауды жөн көріпті.

"Жетім көрсең жебей жүр" деген сөзді жанына серік еткен Жазылбек Әбілдабекұлы мектеп оқушыларына жыл сайын шәкіртақы тағайындауды да естен шығарған емес. "Қалыш ана" атындағы стипендияға аудан мектептеріндегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары және тұл жетім балалар мен оқу озаты атанған оқушылар ие болып отырады.

"Nur Otan" партиясы Бәйдібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тұрсынәлі Дүйсенбеков партия тарапынан игі іс-шаралар жалғасын табатынын жеткізді.