Түркістандық келіншек 9-қабаттан секірмек болды (видео)

0
895

Өзіне-өзі қол жұмсамақ болған.


Түркістандық келіншек 9-қабаттан секірмек болды (видео)

Түркістандық полицейлер 9-қабаттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін түнгі сағат 02:00 шамасында Түркістан қалалық полиция басқармасына облыс орталығындағы көпқабатты пәтердің 9-қабатынан белгісіз әйелдің секірейін деп тұрғаны бойынша хабарлама келіп түскен. Ақпарат бойынша жақын аймақта жүрген патрульдік полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жеткен.


Көрсетілген көпқабатты үйдің 9-қабатынан өз-өзіне қол жұмсамақ болған тұрғынды көрген қос полицей тездетіп жоғары көтеріліп, секірмек болған әйелдің пәтеріне келеді. Ашық тұрған есік арқылы ішке еніп, ас бөлмесінің терезесінен секірмек болған тұрғынды ұстап қалып, қауіпсіз жерге көтеріп шығарған. Сондай-ақ, құтқару шараларына жергілікті тұрғынның бірі өз көмегін көрсетіпті.


Осылайша, қызмет инспекторлары - полиция лейтенанты Ербол Есалиев пен полиция аға лейтенанты Ержан Стамқұловтың шапшаңдығы мен кәсібилігінің арқасында құтқару сәтті аяқталған.


"Тексеру барысында тұрғынның суицид жасауына масаң күйде болуы әсер еткені анықталды. Сондай-ақ, жас әйел теріс әрекеті үшін өкініп, алдағы уақытта мұндай жағдайды қайталамайтынын жеткізді", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.