Түркістандық кітапханашылар халықаралық форумға қатысты

0
496

Дискуссия алаңында балалар кітапханаларының өзекті мәселелері талқыланып, құрметті қонақтардың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.


Түркістандық кітапханашылар халықаралық форумға қатысты

Қарағанды қаласында «Балалар кітапханасы: идеялар, кеңістігі» Халықаралық форумы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қарағанды қаласында Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының 70 жылдығына орай 13-14 қыркүйек күндері Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Балалар кітапханасы: идеялар, кеңістігі» Халықаралық форумы өтті. Аталған шараға Ыбырай Алтынсарин атындағы Түркістан облыстық кітапханасының басшысы Ақмарал Құдайбергенова бастаған кітапхана өкілдері қатысты.


Өзара тәжірибе алмасу, шығармашылық идеялар мен жобаларды таныстыру және кітапхана ісін насихаттау мақсатында өткен форумға Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Ресейден арнайы шақырылған қонақтар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Жазушылар одағының балалар жазушылары секциясының төрағасы Нұрдаулет Ақыш, балалар жазушылары – Серікбол Хасан, Тоня Шипулина, Наталия Инжевская, қоғам қайраткерлері, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханаларының өкілдері, облыстық балалар кітапханаларының және Қарағанды облысы бойынша орталық кітапханалы жүйесінің басшылары мен мамандары, қала мектептерінің кітапханашылары қатысты.


Форум барысында пленарлық алаңда баяндамалар оқылып, үздік тәжірибелер алаңында «Бізбен бірге істе! Бізден асып түс!» айдарымен шеберлік сағаттары өтіп, «3D : Даму. Дағды. Демалу» тақырыбындағы фрэнд-акция бөлімінде киіз үй этноқұрастырғышын жиналып, библиографиялық құралдар көрмесіне шолу жасалып, квиз, лоторея ұтыс ойындары ойнатылды және балалар жазушыларымен кездесу өтіп, ашық микрофонда балалар кітап оқу және кітапхананың рөлі туралы ойларын, құттықтау тілектерін жеткізді. Ал дискуссия алаңында балалар кітапханаларының өзекті мәселелері талқыланып, құрметті қонақтардың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.


Екі күнге жалғасқан форум Долинка кентінде орналасқан Саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейіне (Карлаг) саяхаттаумен аяқталды.