Түркістандық көпбалалы ана жылыжай салған

0
757

Кәсіпкер жылыжай жұмысын жолға қою арқылы табысын арттырып отыр.


Түркістандық көпбалалы ана жылыжай салған

Шардарада көпбалалы ана грант алып, жылыжай салған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шардара қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Ажар Сатыбалды мемлекеттік қолдаудың шапағатын көріп, 1,3 млн. теңге қайтарымсыз грант алған. Кәсіпкер жылыжай жұмысын жолға қою арқылы табысын арттырып отыр. Төрт жылдан бері төрт перзентімен үйде отырған ол үйіргелік 2 сотық жеріне қиярдың «Арзу» сортын еккен. Тамшылатып суғару тәсілін қолдану арқылы күніне 30 келі өнім алып, жақын маңдағы дүкендерге өткізуде. Түскен табыстан 15 шақты қой мен 15 тауық алып, кішігірім шаруашылығын жүргізіп отыр. Үйіргелік жылыжайынан бірнеше өнім алу жоспары бар.


Жыл соңына дейін ауданда қайтарымсыз грант беруі жоспарланған 78 азаматтың бүгінде І, ІІ легінде 58 жоба мақұлданса, ІІІ лекте тағы 20 жоба қаржыландырылмақ. Комиссияның оң қорытындысын алған 58 жобаның 3-еуі мал шаруашылығын дамытуға арналса, 55-і түрлі қызметтер көрсетуге бағытталған. Мамандар тарапынан берілген қаржыға мониторинг жұмыстары да жүргізіліп отырады.


Шардара ауданында ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін сақтау, жаңа экспорттық тауарларды іздеуге арнайы жобалардың жүзеге асырылуын, өңірге инвестиция тарту, көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларынан барынша күшейту, жаңа озық технологияларды енгізу, өндірісті қазіргі заманғы жабдықтармен және өнімділігі жоғары техникамен әртараптандыру есебінен дамыған агроөнеркәсіптік кешен құру жайында жүзеге асырылып жатқан ілкімді істер әрі қарай да жалғасын табады.