Түркістандық мамандар таудан 2 туристі құтқарды

0
716

Демалуға шығып, түсе алмай қалған.


Түркістандық мамандар таудан 2 туристі құтқарды

Түркістан облысының құтқарушылары таудан 2 адамды құтқарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2021 жылдың 16 шілдесінде сағат 11:50 шамасында Түркістан облысы Төлеби ауданы аумағаныдағы «Біркөлік» шатқалына барған 2 жасөспірім тау басына демалуға көтеріледі. Алайда жартасты, биік таулы, күрделі жоталы болуына байланысты жасөспірімдер төмен түсе алмай, «112» нөміріне хабарласқан. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, екі туристі қауіпсіз жерге түсірді.


Айта кетейік, құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖ департаментінен 8 құтқарушы мен 2 бірлік техника жұмылдырылды.