Түркістандық оқушы Үндістанда топ жарды

0
452

Ол қазақстандық «Qazaq style» командасының құрамында болған.


Түркістандық оқушы Үндістанда топ жарды

Түркістандық оқушы Үндістандағы робототехника чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жетісайлық оқушы Серімжан Асылханұлы Үндістанның Гоа қаласында өткен «Goa – 2024» Халықаралық робототехника фестиваліне қатысып, үздіктер қатарынан көрінді. Ол қазақстандық «Qazaq style» командасының құрамында болған. Құрама чемпионатта І-орынды иемденді.


Бүгінде Серімжан Жетісай ауданындағы Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназия мектебінің 8 сынып оқушысы. Ол осы уақытқа дейін республикалық жарыстарда еліміздің үздік робототехника командаларымен бірге бақ сынап, жеңіске жеткен.