Түркістандық оқушылар республикалық мектеп лигасында топ жарды

0
551

Алдағы уақытта баскетболдан бақ сынайды.


Түркістандық оқушылар республикалық мектеп лигасында топ жарды

Сайрамдық оқушылар республикалық мектеп лигасында жеңіске жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сайрам ауданында оқушылар арасында жасақталған алты команда облыстық мектеп лигасында жеңіс тұғырынан көрініп, республикалық мектеп лигасында топ жарды.


Биылғы 20 сәуір мен 10 мамыр күндері Павлодар және Астана қалаларында өткен республикалық жарыста сайрамдық қыздар командалары үздік нәтиже көрсетті. Тарқата айтсақ, 10 команданың ішінен Далабазар жалпы орта мектебінің баскетбол командасы мен №62 М.Анартаев атындағы жалпы орта мектебінің футбол командасы I орынды иеленді.


Сонымен қатар, жарысқа қатысқан Айша бибі атындағы жалпы орта мектебінің футбол командасы ІІ орынды, №3 Хамза және №42 Фурқат атындағы жалпы орта мектебінің волейбол командалары 19 команданың ішінде 5 орынға тұрақтады.


Ауданға жеңіспен оралған үздік ойыншыларды аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев қарсы алып, жаттықтырушылар мен балаларға арналған гүл шоқтары мен сыйлықтарын табыстады.


Айта кетсек, алдағы маусым айында 5-6 сынып оқушылары арасында Алматы облысында өтетін республикалық жарыста Далабазар жалпы орта мектебінің оқушылары баскетболдан бақ сынайды.