Түркістандық оқушылар сабақ оқып, түрлі сыйлыққа ие бола алады

0
726

Оқушы әр өткен сабақтары үшін бонус жинайды.


Түркістандық оқушылар сабақ оқып, түрлі сыйлыққа ие бола алады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігі шешімімен 2020-2021 жылдың алғашқы тоқсаны қашықтан оқу жүйесімен іске асырылады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістанда 2020-2021 оқу жылы платформаға геймификация, яғни, оқыту процесін ойын техникасы арқылы іске асыру қарастырылуда. Оқушы әр өткен сабақтары үшін бонус жинап, нәтижесінде түрлі сыйлықтарға ие бола алады.

Одан өзге, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша ағымдағы жөндеу жүргізіліп жатқан 26 мектеп, бір балабақшаның құрылыс барысы да назарда. Бүгінде қаладағы Қ.Сәтбаев, №21, №24 және С.Рахимов мектептерінде жөндеу жұмыстары толық аяқталса, 6 мекемеде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап айтсақ, есік ауыстыру, қоршау орнату, қабырғаларды сырлау, су-кәріз жүйесін жүргізу және басқа жұмыстары кестеден қалған. Қала басшысы, жөндеуде әсіресе ішкі әжетхана жүйесі мен мектеп ауласын қоршауға басты назар қою қажеттігін айтты.

Жалпы, Түркістан қаласындағы 33 мектептің ішінде іске қосылған әжетханалары бар мектеп саны 28-ді құрайды. Басқа мектептерде әжетханалар қосымша салынып немесе модульді әжетханалармен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, 33 мектептің ауласы толығымен қоршалған болса, тозығы жеткен 9 мектептің қоршауы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша қайта жаңартылған.

Жалпы, Түркістан қаласы әкімдігінің Адами капиталды дамыту бөліміне қарасты 33 мектеп, 20 балабақша, 5 мектептен тыс мекеме жұмыс атқарады.