Түркістандық өнерпаздар эко-акция аясында репетиция өткізді

0
286

Мәдениет қызметкерлері кезекті дайындығын табиғат аясында ерекше өткізді.


Түркістандық өнерпаздар эко-акция аясында репетиция өткізді

Түркістан қалалық мәдениет үйі қызметкерлері эко-акция аясында репетиция өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінде Президентіміздің "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы берекесімен бастау алып, ауқымын кеңейте түсуде.


Мәдениет қызметкерлері кезекті дайындығын табиғат аясында ерекше өткізді.


Монолог оқып, өлең айтқан өнерлілер бұл жолы қолдарына микрофон емес, күрек пен сыпырғы ұстады.


Тұңғыш Президент саябағында өткен шарада ағаш егіп, гүлдердің айналасын аршып, артық шөптерден тазартты.


"Атадан мал қалғанша, тал қалсын" деген ұғымды санаға түйіп, аға буын мен кейінгі ұрпақ сонау ата-бабадан жеткен еңбек дәстүрін дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын паш етті. Экологиялық акцияның үшінші аптасы аясында "Жасыл аймақ" тақырыбында өткен шарада ұжым мүшелері әсем әндерін орындап, репетициясын табиғат аясында өткізді.