Түркістандық паралимпиадашылар Азия ойындарына дайын

0
615

Дүбірлі сынға Түркістан облысының 4 спортшысы қатысады.


Түркістандық паралимпиадашылар Азия ойындарына дайын

Қытайдың Ханчжоу қаласында жазғы Азия пара ойындары өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


22-28 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында жазғы Азия пара ойындары өтеді. Дүбірлі сынға Түркістан облысының 4 спортшысы қатысады. Түркістан облысының су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Денис Жарменов сол спортшылар және бапкерлермен кездесіп, алдағы сайысқа дайындықты пысықтады. Қолдау көрсетіп, сәттілік тіледі.


Дәстүр бойынша спортшыларға еліміздің Мемлекеттік туын ұсынып, Қазақстанның намысын абыроймен қорғауды тапсырды. Азия пара ойындарына пара-каноэден Бибарыс Спатай, Жалғас Тайкенов және Жаңыл Балтабаева қатысады. Ал пара-академиялық есу спортынан ел намысын Темірхан Дайырбек қорғайды.


Аталған спортшылар оқу-жаттығу жиындарына қатысып, дүбірлі сынға даярланды. Жүлде алудан үміттері мол.


Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын жарысқа еліміздің атынан 131 атлет қатысады. Олар 14 спорт түрінен, 485 медаль үшін сынға түспек.