Түркістандық полицейлер 50 жастағы алаяқты 6 жыл бойы ұстай алмаған

0
2 413

Жедел уәкілдер қолға түсірген.


Түркістандық полицейлер 50 жастағы алаяқты 6 жыл бойы ұстай алмаған

Төлеби ауданының полицейлері 6 жылдан бері іздеуде жүрген алаяқты ұстады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Төлеби АПБ-нің полицейлері 2014 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті азаматты ұстады. Ол осыдан 6 жыл бұрын жергілікті тұрғынның біріне құжаты заңсыз жерді алдап сатқан. Содан бері күдікті ізін суытқан.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі «Алаяқтық» бойынша тіркеген. Күдіктінің бас сауғалап қашуы, артынан еш із қалдырмай кетуі мен ақпарат көздерінің жоқтығынан полицейлер іздеп таба алмаған. Алайда, жедел уәкілдер тобы күдікті азаматты Алматы қаласынан ұстады. Қазіргі таңда күдікті ер азаматқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Тергеу барысында оның Жетісай ауданының тұрғыны екендігі белгілі болды. Сондай-ақ күдікті заңсыз жерді 5 миллион теңгеге сатып, Алматы қаласына көшіп кеткен. Сонымен қатар оның бұрын ҚР ҚК-нің 190-бабымен қылмыс жасап, 2 жылға сотты болғаны анықталды. Бүгінгі таңда 50-дегі күдікті азамат қамауда.