Түркістандық полицейлер ауласына заңсыз «қарасора» еккен күдіктілерді ұстады

0
66

Күдіктілердің үйінен 60 түпке жуық есірткі өсімдіктері тәркіленген.


Түркістандық полицейлер ауласына заңсыз «қарасора» еккен күдіктілерді ұстады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

«Көкнар-2019» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Түркістан облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ауласында есірткі егіп өсірген азаматтарды ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, Түркістан қаласының жасы 50-ден асқан жергілікті тұрғынының үйінен «қарасора» өсімдігінің өсірілген 8 түбі табылып, айғақты зат ретінде алынған және жүргізілген сараптама қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы 9 келіге жуық «қарасора» есірткі екендігі анықталған. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру» бойынша тіркеліп, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде және ұсталған азаматтың есірткі түптерін қандай мақсатта өсіргендігі анықталып жатыр. Күдіктінің бас шарасы «қолхатта».

Сонымен қатар, Келес ауданынының азаматы «ауласында тыйым салынған өсімдікті егуде» деген күдікке ілініп, үйін тінту барысында «қарасора» өсімдігінің 1 түбі табылған және есірткіге ұқсас зат тәркіленіп, айғақты зат ретінде алынған. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 300-бабымен тіркеліп, айғақты зат сот-криминалистикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес салмағы шамамен 500 грамға жуық есірткі болып шыққан. Ұсталған азамат «қамауға» алынды.

Сондай-ақ, Төлеби АПБ-нің полицейлері тыйым салынған өсімдікті заңсыз егіп, өзінде сақтаған жергілікті тұрғынды ұстап, күдікке ілінген тұрғынның үйін тінту барысында 47 түп есірткі затына ұқсас хош иісі бар өсімдіктер тәркіленген. Ұсталған азаматтың айтуынша ол осынша өсімдікті өзінің қажеттілігі үшін еккен. Қазіргі таңда күдікті қамауда.

Анықталған барлық деректер ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру» бойынша тіркеліп, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет