Түркістандық полицейлер карантинде 700-ден астам той-жиынды тоқтатқан

0
694

Ережені елемей, той жасайтындар көп.


Түркістандық полицейлер карантинде 700-ден астам той-жиынды тоқтатқан

Түркістан облысының полицейлері жыл басынан бері 734 той-жиынға тосқауыл болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Елімізде енгізілген карантин режиміне байланысты Түркістан облысында да мобильдік топтар жұмыс атқаруда. Мобильдік топ құрамына қала және аудан полицейлері, әкімдік қызметкерлері, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мен кәсіпкерлік палата қызметкерлері жұмылдырылған.


Тәртіп сақшыларының айтуынша, облыста шектеу шараларына қарамастан ережені елемей, тұрғындардың өміріне қатер төндіріп, той жасайтындар көп. Осы орайда айта Түркістан облысының полицейлері жыл басынан бері 734 той-жиынды тоқтатып, тіркеген.