​Түркістандық полицейлер көпірден секірмек болған келіншекті құтқарып қалды

0
1 454

Оны суицидке отбасылық жағдайы итермелеген.


​Түркістандық полицейлер көпірден секірмек болған келіншекті құтқарып қалды

ERNUR.KZ. Жетісай ауданының тәртіп сақшылары өзіне қол салмақ болған әйелді құтқарып қалды, деп жазады ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жетісай аудандық полиция бөліміне жолай өтіп бара жатқан жүргінші хабарласып, бейтаныс келіншектің көпірде суицид жасауға бекінгені туралы хабарлаған.

«Оқиға орнына бірден патруль полициясының автоэкипажы жөнелтілді. Олар көпірден секіру арқылы өзіне қол жұмсамақ болған жас келіншекті көріп, уақытты көп созбай іске кірісті. Жол-патруль полиция қызметкерлері - аға сержант Е.Бердібеков пен сержант Т.Бейсенбаев шапшаңдық танытып, жалма-жан келіншекке көмекке ұмтылды. Сөйтіп оны суицидтен құтқарды» делінген хабарламада.

Келіншек Жетісай ауданының тұрғыны болып шықты. Өзінің айтуынша, оны суицидке отбасылық жағдайы итермелеген. Полицейлер келіншекпен әңгімелесіп, көмек қолын созған соң, оны туған-туыстарына табыстады.

Жетісай аудандық полиция бөлімінің басшылығы қырағылық пен кәсіби біліктілік танытқан полицейлерге алғыс білдірді.