Түркістандық полицейлер сынақтан өтіп жатыр

0
2 544

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.


Түркістандық полицейлер сынақтан өтіп жатыр

Түркістан облысында жеке құрамға сынақ қабылдау сабақтары ұйымдастырылуда, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы полиция департаментінің арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Айдос Бектасов пен арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасы дағдарыс жағдайларына ден қоюды ұйымдастыру тобының инспекторы полиция майоры Марат Тұңғатов аудандарға арнайы іссапармен барып қайтты.

Мұндағы мақсат - зерделеу және практикада пайдалану үшін противогаздарды қолдану бойынша әдістемелік нұсқаманы зерделеу, кәсіби даярлық бойынша жеке құрамға сынақ қабылдау сабақтарын ұйымдастыру болып табылады.

Осындай арнайы шара барысында, тәртіп сақшылары өздеріне қажетті тәжірибелерді жинап, тағы бір шыңдала түсті. Аудандардың бәрінде өткізілген бұл сынақтың түрі полицейлер үшін пайдалы болмақ.