Түркістандық полицейлерге 250-ден астам жаңа қызметтік көлік берілді

0
753

Полиция қызметкерлеріне 252 жаңа қызметтік көліктің кілті табысталды.


Түркістандық полицейлерге 250-ден астам жаңа қызметтік көлік берілді

Түркістан облысында 94 мыңнан астам ауыл тұрғыны скринингтік тексеруден өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай Түркістан облысы Полиция департаменті жаңа көліктермен толықты. Түркістан қаласындағы тікұшақ алаңында өткен салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен Түркістан облыстық Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов пен жеке құрам қызметкерлері қатысты. Облыс әкімі тәртіп сақшыларын құттықтады.


«Бүгін өздеріңізбен қуанышты сәтте жолығып тұрмыз. Облыстың тәртіп сақшыларының автопаркі жаңаруда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының әлеуметтік және материалдық-техникалық базасын нығайтуды тапсырған болатын. Бұл бағытта Түркістан облысында нақты жұмыс бар. Қазіргі таңда Түркістан қаласында Полиция департаментіне арналған жаңа ғимараттың құрылысы аяқталуға жақын. Елде тыныштықты сақтауда, Түркістанды түлетуде сіздердің де қосар үлестеріңіз мол. Сондықтан халыққа одан да сапалы қызмет көрсетулеріңіз үшін Сіздерге су жаңа көліктер тапсырылуда. Жұмыстарыңызға абырой мен сәттілік тілеймін!», – деді Дархан Сатыбалды.


Жыл басынан бері Түркістан өңірінің полиция қызметкерлеріне 252 жаңа қызметтік көліктің кілті табысталды. Соның бірқатары бүгінгі салтанатты жиында тәртіп сақшыларына ұсынылды. Атап айтсақ, ҚР ІІМ мен жергілікті әкімдіктің қолдауымен өңірдің патрульдік полиция қызметкерлері – 94 бірлік, учаскелік полиция инспекторлары – 64 бірлік, уақытша ұстау изоляторы – 12 бірлік, аудандардың тергеу бөлімі – 17 бірлік, кезекші бөлімдер – 20 бірлік қызметтік автокөліктермен қамтамасыз етілді.


Сондай-ақ қала, аудандарға автобустар мен автозактар үлестірілді. Тәртіп сақшыларына берілген темір тұлпарлар тұтастай заманауи құралдармен жабдықталған. Дыбыс күшейткіш қондырғысы мен рациясы бар. JPS жүйесі арқылы көліктердің қай бағытта жүргені орталықтан бақыланады. Салтанатты шарада облыс әкімі Полиция департаменті бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында тиімді шаралар қабылданғанын атап өтіп, құттықтау сөзін сөйледі.


«Полиция қызметкерлерін материалдық-техникалық жабдықтау – қылмыстың санын азайтуға септігін тигізуде. Осы ретте алдағы уақытта Президент пен Ішкі істер министрінің тапсырмалары мен нұсқауларының сапалы орындаларына сенім білдіремін. Сервистік полицияны жүзеге асырып, жұртқа жақын болу мақсатындағы жұмыстар одан әрі жанданатын болады», - деген облыстың бас полицейі М.Қабденов іс-шараны түйіндеді.


Салтанатты рәсім жаңа техниканың шеруі және жеке құрамның саптық байқауымен аяқталды.