Түркістандық шаруалар етті мал басын көбейтіп жатыр

0
848

Жоспарды асыра орындаған.


Түркістандық шаруалар етті мал басын көбейтіп жатыр

Түлкібастық шаруалар ет бағытындағы мал басын көбейтуде, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елімізде ет шаруашылығын дамытуға бағытталған «Сыбаға» бағдарламасы арқылы Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы шаруалар жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін өркендетіп отыр. Солардың бірі, Түлкібас ауданынына қарасты Машат ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Е.Төлепбеков биылғы жылы аталған бағдарлама аясында 70 бас аналық ірі қара сатып алып, бүгінгі таңда ет бағытындағы ірі қара мал басын көбейту үстінде.

Сондай-ақ, 2020 жылы Түлкібас ауданында межеленген жоспар 265 бас ет бағытындағы ірі қара мал болса, 8 айлықтың қорытындысымен жоспар 113 пайызға орындалып, 299 басты құрап отыр. Бұл дегеніміз түркістандық шаруалардың мемлекеттік бағдарлама арқылы жеке кәсібін ашуға ынталы екенін білдіреді. Сонымен қатар, алмасы брендке айналған аудан ет өнімдері бойынша да облыс экономикасына оң әсерін тигізбек.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Түркістан облысында мал басын көбейтумен қатар, күзгі астық егу науқаны да жүргізіліп жатыр. Биыл түркістандық диқандар 160 мың гектардан астам жерге дән тастамақ.