Түркістандық спортшы ел чемпионатында 5 алтын медаль қанжығалады

0
17 649

Енді жеңімпаздар Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алады.


Түркістандық спортшы ел чемпионатында 5 алтын медаль қанжығалады

Теміртау қаласында жүзуден ел чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жуырда Теміртау қаласында жүзуден ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Аса тартысты өткен Қазақстан чемпионатына еліміздің түкпір-түкпірінен 19 команда және 300-ден аса жас спортшы қатысып, өзара бақ сынасты.


200 метрге баттерфляй әдісімен түркістандық Дария Тоқтобаева жеңімпаз атанса, бұдан басқа 400 метр кешенді әдісімен және 200 метр кешенді әдісімен де алтын медаль иеленді.


Сонымен қатар, Дария 100 метрге баттерфляй әдісімен, 100 метр кешенді әдісімен де жеңістің шыңын бағындырды. Тағы бір дарынды спортшымыз Ерсаин Алижан 200 метрге кешенді әдісімен жүзуде күміс жүлдегер атанды.


Жалпы алғанда жеңімпаз жерлестеріміз облыс қоржынына 5 алтын, 1 күміс олжалады. Елшілік чемпионатта топ жарған спортшылар облыстық су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған спорт мектебінің шәкірттері. Енді жеңімпаздар Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алады.