Түркістандық спортшы Париж паралимпиадасына жолдама алды

0
361

Дүбірлі сынға ұлттық құрама сапында Түркістан облысының 6 спортшысы бақ сынауда.


Түркістандық спортшы Париж паралимпиадасына жолдама алды

Түркістан облысының спортшысы Париж паралимпиадасына жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Германияның Дуйсбург қаласында байдарка және каноэ есуден және параканоэден әлем чемпионаты өтіп жатыр. Дүбірлі сынға ұлттық құрама сапында Түркістан облысының 6 спортшысы бақ сынауда.


Әлем чемпионатында параканоэден Бибарыс Спатай 200 метр қашықтықта KL2 сайысы бойынша үздік бестікке еніп, Париж паралимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Бибарыс — Су спорты түрлерінен Түркістан облыстық спорт мектебінің спортшысы. Енді ол Париждегі додаға дайындалады.