Түркістандық спортшы ТМД ойындарында 6 медаль олжалады

0
556

Су спорты түрлерінен Түркістан облысының олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті.


Түркістандық спортшы ТМД ойындарында 6 медаль олжалады

Түркістандық Дария Токтобаева ТМД ойындарында жүзуден 6 медаль олжалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Беларуссияның Брест қаласында ТМД елдерінің ІІ ойындары өтті. Екінші рет алауы тұтанған бәсекеге 22 елден спортшылар келіп, спорттың 20 түрінен бақ сынады. Қазақстанның намысын қорғаған сайыпқырандар жүзу спортынан еліміздің қоржынына алғашқы алтын медальді салды.


Жүзушілер 10-13 тамыз аралығында су айдынында өзара тартысқа толы сайыстарын өткізді. Бұл спорт түрінде 11 елден 133 саңлақ жарыс жолына шығып, жеңімпаздардың есімдерін анықтады. Еліміздің құрама сапында Түркістан облысының таланты спортшысы Дария Токтобаева да бақ сынап, жүлделі орындардан көрінді. Түркістандық ару Дария Токтобаева 1 күміс, 5 қола медаль олжалады.


Ол еркін жүзуден 4×100 метрдегі эстафетадан — қола, кешенді жүзуде күміс, кешенді әдісімен эстафетада — қола, аралас жүзуден 4х100 метр қашықтықтағы эстафетада — қола, 4х100 метрге аралас кешенді эстафетада — қола, баттерфляй әдісімен 200 метрде қола медальды олжалап, жалпы 6 медальға қол жеткізді. Қазақстан қүрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді.


Дария — Су спорты түрлерінен Түркістан облысының олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті.