Түркістандық спортшылар әлемдік додалардан 50-ге жуық жүлде олжалаған

0
412

26 алтын, 8 күміс және 14 қола.


Түркістандық спортшылар әлемдік додалардан 50-ге жуық жүлде олжалаған

Түркістан облысының спортшылары әлем чемпионаттары мен кубоктарында 26 алтын, 8 күміс және 14 қола, жалпы 48 медальге ие болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2021 жылдың 10 айында Түркістан облысының спортшылары әлем чемпионаттары мен кубоктарында 26 алтын, 8 күміс және 14 қола, жалпы 48 медальге ие болды. Ал жалпы халықаралық, республикалық және облыстық жарыстарға қатысып, 153 алтын, 72 күміс, 29 қола, жалпы 254 медаль жеңіп алды. Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев мәлімдеді.


Сондай-ақ, облыста бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2021 жылдың 10 айында 1 321 іс-шара өткізіліп, оған 150 мыңға тарта адам қатысқан. Оның ішінде ауылды жерлерде 1 мыңға жуық спорттық іс-шара өткізіліп, 110 мыңнан астам адам қамтылған.


«Облыста дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 700 мыңға жуық адамға жетіп, облыстағы барлық жастағы халықтың спортпен қамтылуы 33,8% құрады. Ал ұлттық спорт түрімен жалпы шұғылданушылар саны - 84 865 адам. Ұлттық спорт түрлерінен барлық секциялар саны – 1 826, оның ішінде ауылды жерлерде – 1539. Облыста 2 ұлттық спорт түрлеріне мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Мектептерде бәйге, аударыспақ, көкпар, тоғызқұмалак, қазақ күресі, асық ату, теңге ілу, саят, конкур және жамбы ату тәрізді 10 спорт түрі дамытылуда», - деді Қанат Жарылқапұлы.


2021 жылдың 9 айында облыс көлемінде 82 спорт секциясы ашылып, 3 823 бала спортқа тартылған. Жыл соңына дейін 4 000-нан астам баланы спортқа тарту жоспарланып отыр.


Бүгінгі таңға, облыста 71 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемелері мен кәсіпорындары тіркелген. Оларда 51 976 спортшы мен 1 587 жаттықтырушы жоспарға орай жұмыс істеуде. Облыста 58 (27 олимпиадалық, 31 олимпиадалық емес) спорт түрлері дамытылуда. 2021 жылдың 27-қазанына дейін, облыста 1 - ҚР еңбегі сіңген спорт шебері, 3 - Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 24 - ҚР спорт шебері, 124 - Спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.