Түркістандық спортшылар Азия чемпионатынан олжалы оралды

0
403

Қоржынға 14 медаль түсті.


Түркістандық спортшылар Азия чемпионатынан олжалы оралды

Азия чемпионатында Түркістан облысының 14 спортшысы жүлдегер атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Байдарка мен каноэде есуден Тайландтың Паттайя қаласында өткен Азия чемпионатында Түркістан облысының спортшылары 14 жүлдеге қол жеткізді. Атап айтсақ, қоржынға 5 алтын, 7 күміс, 2 қола медаль түсті.


Айта кетсек, 18 жасқа дейінгі және одан үлкен ересектер арасындағы додаға 12 елден команда қатысты. Ересектер арасында әйелдер сынында байдарка төрттікте 1000 және 500 метр қашықтықта Наталья Сергеева екі алтын медальға қол жеткізді. Ал Ульяна Киселева мен Дарья Корыткина каноэ-төрттікте 1000 және 500 метр қашықтықтарда екі алтын жүлдеге ие болды. Ал,Кканоэден жасөспірімдер арасында 500 метр қашықтықта Полат Тұребеков чемпион болды.


Ересектер арасындағы әйелдер каноэсында 200 метр қашықтықта Ульяна Киселева және Дарья Корыткина күміске иелік етті. Ерлер арасында байдарка-екілікте 500 метр қашықтықта Иван Лукьянов күміс медаль иемденді. Ал, Антон Сергеев және Полат Тұребеков жасөспірімдер арасында бес күміс жүлдеге қол жеткізді. Олар С1-1000 метр, С2-1000 метр, С4-1000 метр, С4-500 метр және С2-200 метр қашықтықтарында олжа салды.


Сондай-ақ, ерлер арасында байдарка-төрттікте 200 метр қашықтықта Артём Терещенко және Иван Лукьянов қола медаль ұтып алды. Сонымен бірге Артем Терещенко байдарка-төрттікте 1000 метр қашықтықта да үшінші орын алды.


Денис Жарменов басқаратын Түркістан облысының су спорты түрлері бойынша олимпиадалық резервті дайындайтын мамандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің өрендері сенімді ақтады. Оларды сайысқа Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушысы С.Сергеев пен каноэ спортынан облыстың бас жаттықтырушысы Е.Кеңесов, байдаркада есу спортынан бас жаттықтырушы О.Ковалева даярлаған.