Түркістандық спортшылар Азия чемпионатында топ жарды

0
721

Барлық салмақта жеңімпаз атанды.


Түркістандық спортшылар Азия чемпионатында топ жарды

Алматы облысында армрестлингтен XIX Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Тамыз айының 17-24 күндері аралығында Алматы облысы Талғар қаласында армрестлингтен жас-жеткіншектер, жасөспірімдер, жастар, ересектер және ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында XIX Азия чемпионаты өтті.


Аталған чемпионатқа Азия құрлығының түкпір-түкпірінен кіл мықты спортшылар қатысып, жарыстың тартысты әрі қызықты өтуіне атсалысты. Қазақстан құрама сапынан бақ сынаған “Шардара Армспорт” клубының спортшылары жеңіс тұғырынан көрініп, көк туымызды көкке көтеріп, әнұранымызды шырқатты.


Атап айтар болсақ, шардаралық спортшылар барлық жас ерекшеліктері және барлық салмақ бойынша жеңімпаз атанған.