Түркістандық спортшылар ел чемпионатында 35 медаль еншіледі

0
461

7 алтын, 12 күміс және 16 қола жүлде жеңіп алды.


Түркістандық спортшылар ел чемпионатында 35 медаль еншіледі

Түркістан спортшылары ел чемпионатынан 35 медаль қанжығалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Алматы қаласында байдарка және каноэда есуден ересектер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды. Денис Жәрменов жетекшілік ететін облыстық су спорты түрлері мектебінің шәкірттері үлкен жеңіспен оралды.


Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша Түркістан облысының спортшылары командасы 7 алтын, 12 күміс және 16қола жүлде жеңіп алды. Бұл ірі жеңіс Париж олимпиадасына арналған лицензиялық турнирлерге жол ашты. Спортшылар енді халықаралық сайыстарға қатысады.