Түркістандық спортшылар гір көтеруден әлем чемпионатында 6 медаль еншіледі

0
797

Түркістан облысының №6 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері.


Түркістандық спортшылар гір көтеруден әлем чемпионатында 6 медаль еншіледі

Гір көтеруден әлем чемпионатында Түркістан спортшылары 6 медаль еншіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Өзбекстанның Хиуа қаласында гір көтеру спортынан әлем чемпионаты өтті. Әлемдік додаға 50-ге тарта елдің спортшылары қатысып, жеңімпаздарды анықтады. Тартысқа толы өткен бәсекеде еліміздің намысын қорғаған сайыпқырандар арасында Түркістан облысының спортшылары жоғары нәтижеге қол жеткізді.


Олар 3 алтын, 1 күміс және 2 қола медальді иеленіп, еліміздің мерейін үстем етті. Чемпион атанып, жеңіс тұғырынан көрінген жерлестеріміздің қатарында Мұхамеджан Жәнәділ, Нұртас Сағынғали, Диас Ташен бар. Сондай-ақ Уайс Рамазан күміс жүлдегер атанса, Мөлдір Амангелді, Сәрсенқұл Мамырбектер қолаға қол созды.


Ғаламат нәтиже көрсеткен спортшылар – білікті басшы Бауыржан Бөріқұлов жетекшілік жасайтын Түркістан облысының №6 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері.