Түркістандық спортшылар Парижде жүлделі болды

0
1 552

Шеберлер турнирінде Қазақстан құрама командасы 3 қола жүдеге қол жеткізді.


Түркістандық спортшылар Парижде жүлделі болды

Түркістандық спортшылар Парижден 2 медаль алып келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Франция астанасы Париж қаласында WKF каратэден әлемдік рейтингте топ 32-ге кіретін спортшылар ғана қатыса алатын «Karate 1 Premier league» сайысы өтті.


Шеберлер турнирінде Қазақстан құрама командасы 3 қола жүдеге қол жеткізді. Оның екеуін Түркістан облысының өрендері еншіледі. Атап айтсақ, Абылай Толтай +84 келіде қола жүлде еншілесе, 55 келіде сынға түскен Гүлмира Үсенова да үшінші орынға ие болды.