Түркістандық спортшылар Словакияда үш медаль олжалады

0
457

Жарысқа 15 елдің және Еуропаның ең мықты 13 клубының таңдаулы 300 спортшысы қатысты.


Түркістандық спортшылар Словакияда үш медаль олжалады

Братислава қаласында байдарка мен каноэда спортынан халықаралық жарыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Словакияның Братислава қаласында байдарка мен каноэда спортынан жастар арасындағы ірі халықаралық жарыс өтті. Дүбірлі сында Түркістан облыстық ССТ ОРМБЖСМ спортшылары Полат Тұребеков пен Антон Сергеевканоэ-екілікте500 метр қашықтықта күміс жүлдеге, каноэ-екілікте1000 және 200 метр қашықтықта екі қола жүлдеге қол жеткізді.


Жарысқа 15 елдің және Еуропаның ең мықты 13 клубының таңдаулы 300 спортшысы қатысты. Байдарка мен каноэдан жастар арасындағы халықаралық регата – бұл келешекте ірі додаларға, оның ішінде Олимпиада ойындарына жүлделерге таласатын жас дарындарды табу мақсатымен өткізілетіндәстүрлі жарыс.


Қазақстан құрамасы сапында осы екі спортшы жүлдегер атанды. Оларды сайысқа каноэда есу бойынша Түркістан облысының аға жаттықтырушысы Е.Кеңесов пен Қазақстанның еңбегі сіңген жаттықтырушысы С.Сергеев даярлады.


Бүгінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тікелей қолдауымен су спорты түрлерін дамытуға жағдай жасалып жатыр. Халықаралық талапқа сай ескек есу базасы салынды. Алдағы уақытта пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.