Түркістандық спортшылар жеңімпаз атанды

0
1 213

Ел чемпионатына Түркістан облысынан 14 атлет бақ сынап 5 алтын, 2 күміс, 2 қола медаліне қол жеткізді.


Түркістандық спортшылар жеңімпаз атанды

ERNUR.KZ Қапшағайда желкенді спорттан Қазақстан чемпионаты өтті деп хабарлайды, ERNUR.KZ тілшісі.

Жарысқа Түркістан облысының спортшылары да қатысып, командалық сында бірінші орынды иеленді. Ел чемпионатына Түркістан облысынан 14 атлет бақ сынап 5 алтын, 2 күміс, 2 қола медаліне қол жеткізді.

Қазақстан чемпионы атанған спортшыларымыз: Александр Вакуленко, Аделина Редько, Заңғар Абдрахман, Анатолий Чуриков, Азамат Қалдарбек.

Жалпы командалық есеп:

1 - орын Түркістан обласы

2 - орын Алматы облысы

3 - орын Қапшағай

4 - орын Маңғыстау облысы

5 - орын Балқаш.