Түркістандық спортшылар жүзуден рекорд орнатты

0
530

25 жүлдеге қол жеткізді.


Түркістандық спортшылар жүзуден рекорд орнатты

Түркістан облысының командасы жүзуден рекорд жаңартты , деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ақтөбе қаласында жүзуден өткен ел чемпионатында Түркістан облысының жүзушілер құрамасы медальдар саны бойынша рекорд жаңартып, 6 алтын, 9 күміс және 10 қола медаль жеңіп алды. Жарысқа еліміздің 15 өңірінен келген 20 команда, 250 спортшы қатысып, үздіктерін анықтады. Түркістанның атынан су жолақтарында облыстық су спорты түрлеріне олимпиада резервін дайындау мамандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиенушілері шеберлігін көрсетті.


Жарыс нәтижесі бойынша Түркістан облысының спортшылары 25 жүлдеге қол жеткізді. Қазақстан чемпионатында алғашқы рет Марасанова Дарья, Злобина Диана, Васильченко Дарья және Болдырева Милана 200 метрге еркін әдіспен жүзуден жеңіске жетті. Еркін стиль 800 м, 1500 м жүзу қашықтықтарында алдын ала және ақтық жүзу, Эстафеталық жүзу ақтық жарыстар арқылы өткізіледі. Жүзуден Қазақстан чемпионаты 8 қазанға дейін жалғасады.


Келесі жылдың наурыз-сәуір айларында облыс жүзушілері Қазақстанның квалификациялық чемпионатына қатысады. Бұл жарыс жазғы Азия ойындарына іріктеу болып саналады. Жауапты жарысқа дайындық басталып кетті.