Түркістандық сурдлимпиадашылар ел чемпионатында жүлде еншіледі

0
491

ҚР чемпионаты өз мәресіне жетті.


Түркістандық сурдлимпиадашылар ел чемпионатында жүлде еншіледі

Түркістандық сурдлимпиадашылар жүлделі орын тұғырынан көрінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Грек-рим және еркін күрестен есту органдары зақымданған 23 жасқа дейінгі жастар және жасөспірім спортшылар арасындағы ҚР чемпионаты өз мәресіне жетті. Қонаев қаласында өткен дүбірлі жарыста түркістандық Сурдлимпиада спортшыларының бағы жанып, жүлделі орын тұғырынан көрінді.


Ел чемпионатында еркін күрестен Алмас Асанов күміс жүлдегер, Оңласын Ерман 61, Дарын Асқар 48 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанып, өңір намысын асқақтатты. Жалпы облыстық мүгедектерге арналған байрақты бәсекеде «Сауран» спорт клубының спортшылары 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль иеленді. Болашағынан зор үміт күттіретін Дарын Асқар Әлем чемпионатына жолдама алып, дүние жүзі мықтыларының турнирінде бақ сынайды.


Сондай-ақ, грек-рим күресінен де сынға түскен балуандар олжалы болды. Атап айтқанда, Дарын Асқар 2-орынды, Алмас Асанов пен Бақдәулет Бағдатұлы 3-орынды иеленді. Дарынды балуандарды шыңдап, жарыс жолына қосып жүрген спорт клубтың жаттықтырушылары – Сержан Елеусіз бен Медет Қожабеков.