Түркістандық сурдофутболшылар республикалық турнирде 2-орын алды

0
714

Турнирде 6 команда бақ сынады.


Түркістандық сурдофутболшылар республикалық турнирде 2-орын алды

Есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында ел біріншілігі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ҚР Мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл толуына орай есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында ел біріншілігі өтті. Өскемен қаласында 5-10 маусым аралығында жалғасқан турнирде 6 команда бақ сынады. Доп додасында Түркістан облысының спортшылары II орынға қол жеткізді.


«Жаттығу өз нәтижесін берді. Рас, есту қабілеті бұзылған спортшылар болғанымен командалық түсінісудің арқасында финалға дейін жеттік. Соңына дейін күрестік. Алдағы жарыстарда сәтін салса ел чемпионатының жүлдегері атанатын күн алыс емес», - деді команда бапкері.


Бұған дейін үздік үштіктің сапына енуге талпынған футболшылардың жатықтырушысы — Мақсат Елеусізов. Облыс намысын қорғаған теңбіл допшылар — Түркістан облыстық мүгедектерге арналған «Сауран» спорт клубының сайыпқырандары.