Түркістандық таеквондошы Азия чемпионатының жүлдегері атанды

0
439

54 кг салмақта қола жүлдегер атанды.


Түркістандық таеквондошы Азия чемпионатының жүлдегері атанды

Азия чемпионатында Қазақстанның намысын қорғаған 3 спортшымыз жоғары белестен көрінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ливанның астанасы Бейрутта таеквондодан өткен Азия чемпионатында Қазақстанның намысын қорғаған 3 спортшымыз жоғары белестен көрінді. Соның бірі - Мақтаарал ауданы Мырзакент кентінің тумасы Самат Темірхан 54 кг салмақта қола жүлдегер атанды. ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті бұл жаңалықты үлкен қуанышпен хабарлады.


Темірхан Самат Темірханұлы 2000 жылы Мақтаарал ауданы Мырзакент кентінде туылған. 2006 жылы №16 "Мырзакент" жалпы орта мектебінде оқып, аудандағы таеквандо ұйымдарына қатысып, спортқа деген қызығушылығының арқасында ауданаралық жарыстарда жүлделі орындардан көрінді.


2013 жылы Шымкент қаласындағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт мектебіне оқуға түсті. Өз ұмтылысы мен еңбектенуінің арқасында Қазақстан Республикасының жастар арасындағы жарыстарда жүлделі орындарды иемденген.


2014 жылы Қазақстан Республикасының Таеквандо құрамасына кіріп, Араб әмірлігінде өткен жарыста екінші орынды, 2015 жылы Молдавияда бірінші орынды, 2016-2017 жылдары Қазақстан Республикасында өткен чемпионаттың бірінші орын жүлдегері, Қазақстан кубогын алып, сол жылы ҚР спорт шебері дәрежесіне қол жеткізді.


Самат Темірханұлы намыс-жігерінің және бала кезден жинаған тәжірибесінің арқасында 2019 жылы Туркия, Германия, Иран мемлекетаралық жарыстарында жүлделі орындарға ие болды. Одан бөлек, Қазақстан чемпионатының Спартакиядасында бірінші орын жүлдегері атанды.


Еліміздің көк туын желбіретіп бүкіл әлемге танытуды армандаған жас споршының жетістігін мақтааралдықтар қуанышпен қабылдап отыр. Cондай-ақ, жерлестері Саматтың болашағынан зор үміт күтеді.