Түркістандық театр республикалық байқауда екі номинациямен марапатталды

0
857

Театр фестиваліне сарапшылар кеңесінің шешімімен 10 театр іріктеуден өткен.


Түркістандық театр республикалық байқауда екі номинациямен марапатталды

Түркістан театры республикалық фестивальде екі номинациямен марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Петропавл қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерi Темiрбек Жүргеновтiң 125 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXIX республикалық фестивалi өтті. Аталған шараны Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ұйымдастырған.


Фестивальдің ашылу салтанатына Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова қатысып, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның арнайы құттықтауын жеткізді. Сонымен қатар шараға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов және Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов бастаған бір топ театр майталмандары қатысты.


Театр фестиваліне сарапшылар кеңесінің шешімімен 10 театр іріктеуден өткен. Солардың қатарында Түркістан музыкалық драма театры да Алмас Нүсіптің «Мағжан» спектаклімен қатысты. Қойылымдарды белгілі театр сыншыларынан құралған қазылар алқасы бағалады. Нәтижесінде «Екінші пландағы үздік ер адам бейнесі» номинациясын Елтай рөлі үшін Жандаулет Батай иеленсе, аталмыш спектакль Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің арнайы сыйлығымен марапатталды.