Түркістандық театр үздіктер қатарынан табылды

0
491

Н.Гогольдің «Шинель» спектаклін ұсынды.


Түркістандық театр үздіктер қатарынан табылды

Қарағандыда «Сын – шын болсын...» атты республикалық театр фестивалі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрында актер, қазақ ұлттық профессионалды театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қалибек Қуанышбаевтың 130 жылдығына арналған «Сын – шын болсын...» атты республикалық театр фестивалі өтті. Аталған фестивальге Түркістан музыкалық драма театры Н.Гогольдің «Шинель» спектаклімен қатысып, «Үздік сценография» номинациясын жеңіп алды.


Трагикомедия жанрындағы «Шинель» спектаклінде Н.В.Гогольдің кедей шенеунік Акаки Акакиевич Башмачкиннің өмірін сипаттаған повестінің желісінде сахналанған. Қойылым кедей шенеуніктің шинелі тозуға айналуы салдарынан болған оқиғаларды бейнелейді. Бұл қойылымнан әлсіз, қауқарсыз адамның қатыгез қоғамға қарсы әрекеті арқылы, адами қасиеттерді бағалауды үйренеміз.


Спектакль режиссері – Фархад Молдағали, театрдың көркемдік жетекшісі – Айнұр Көпбасарова, пластика режиссері – Шырын Мустафин, педагог-консультант (актер шеберлігі) – Ерлан Карибаев, композиторы – Ербол Нариманұлы.