Түркістандық теннисші ел чемпионатында қос алтын олжалады

0
385

Ел біріншілігіне еліміздің әр өңірінен 13 команда қатысып, 70-ке жуық спортшы бақтарын сынады.


Түркістандық теннисші ел чемпионатында қос алтын олжалады

Астана қаласында үлкен теннистен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Астана қаласында 26 ақпан мен 2 наурыз аралығында үлкен теннистен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне еліміздің әр өңірінен 13 команда қатысып, 70-ке жуық спортшы бақтарын сынады.


Түркістан облысынан 6 теннисші қатысып, нәтижелі өнер көрсетті. Әйелдер арасындағы тартыста Гузаль Айнитдинованың бағы жанды. Талантты спортшы жұптық сында алтыннан алқа тақса, жекелей сында да ешкімге дес бермей ел біріншілігінің қос алтынын мойнына ілді.


Түркістан облысының мақтанышы Гузаль Айнитдинова – «Түркістан теннис клубының» шәкірті. Үлкен теннистен Түркістан облысының аға жаттықтырушысы Серікғани Көшербаевтың шәкірт тәрбиелеуде орасан зор еңбегі бар.