Түркістандық тұрғын әкімдік алдындағы жер субұрқақтарын сындырып кеткен

0
2 605

Орнатылған бейнекамералардың көмегімен көлік иесі табылып, жауапқа тартылды.


Түркістандық тұрғын әкімдік алдындағы жер субұрқақтарын сындырып кеткен

Түркістандық тұрғын облыстық әкімдік ғимараты маңайындағы алаң аумағына көлікпен кіріп, жер субұрқақтарын сындырған, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

27 ақпан күні түнгі уақытта түркістандық тұрғын облыстық әкімдік ғимараты маңайындағы алаң аумағына көлікпен кіріп, жер субұрқақтарын сындырған. Орнатылған бейнекамералардың көмегімен көлік иесі табылып, жауапқа тартылды. Бұл туралы хабарлаған қала әкімі Рашид Аюпов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында:

«Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Еңбектің үлкен-кішісі жоқ. Тағы бір рет еске салуға мәжбүрлімін. Бұзылған, ұрланған, қиратылған әр заттың сұрауы бар. Әр бірін бар етуге туыстарымыз, жақындарымыз, жерлестеріміздің еңбек тері, қаражаты және уақыты сарп етілуде. Қай-қайсысын да жергілікті тұрғындарға бұйырған аманат деп қабылдап, қиянат қылмасақ екен деген өтініш», - деп жазды.