Түркістандық тұрғын ерекше австралиялық түйеқұс өсіріп жатыр

0
1 491

Жұмыртқасының 1 данасы 5-10 мың теңге шамасында.


Түркістандық тұрғын ерекше австралиялық түйеқұс өсіріп жатыр

Кентаулық шаруа түйеқұс өсірумен айналысады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Кентау қаласы Иассы ауылының тұрғыны Нәліпан Мырзақұлов өз ауласында түйеқұс өсіріп жатыр. Бүгінгі таңда құстың саны балапандарымен қосқанда 19-ға жеткен. Шаруа құстың тұқымын көбейтіп, оны кәсіп көзіне айналдырып отыр. Ауласына арнайы қоршау жасатып, сол жерде бағып жатыр. "Бұл өте пайдалы құс. Еті деликатес. Қауырсыны да емге дауа. Жұмыртқасы бағалы, көрінісі де әсем" - дейді шаруа Нәліпан Мырзақұлов.

Аталмыш түйеқұс австралиялық тұқым. Олардың жұмыртқасы ерекше қара түсте болады. Ал, африкалық түйеқұстың жұмыртқасы ақ болып келеді екен. Алайда, бұл құсты қолға үйрету аса қиын шаруа емес. Тез жерсінеді. Шөл жерлерде де төзімді. Жем-шөбі уақытылы беріліп отырса, пайдасы – көл-көсір. Жұмыртқасының 1 данасы 5-10 мың теңге шамасында. Еті холестеринсіз. Жүрек ауруына пайдалы. Бұл құс 40-50 жылдан астам өмір сүреді. Ұршықша шаруасын дөңгелетіп отырған кәсіпкер, алдағы уақытта құстың басын көбейтуді жоспарлап отыр.